Жіті респираторлық вирусты инфекциясы (ЖРВИ) мен тұмау – әлемдегі ең өзекті медициналық, әлеуметтік, экономикалық мәселенің бірі.
Аурудың алғашқы белгілері байқалысымен дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызы зор. ЖРВИ – түрлі вирус салдарынан пайда болған респираторлық вирустық ауру тобы. Ол жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен және ағзаның улануымен сипатталады.
Тұмау – эпидемиялық маңызы бар ЖРВИ түрі. Бұл аурулардың даму белгілерін алғашқы сатысында байқаудың маңызы зор. Себебі, ол дер кезінде тұмауды емдеумен қатар, айығуға көмектеседі.
ЖРВИ мен тұмауды емдеудің өз ерекшеліктері бар. Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты – инфекция кіретін жол ЖРВИ мен тұмауға ортақ болып табылғандықтан, бұл індеттің де ұқсас белгілері бар. Алайда, тұмау ағыны өткір респираторлық вирустық инфекция ағынымен ерекшеленеді.
Тұмауды қалай емдеу қажет? Бұл сауалға жауапты тек маман ғана бере алады. Ешқашан өзіндік ем жасауға тырыспаңыз. Себебі, ЖРВИ мен тұмау белгілері бір-біріне ұқсас.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін жыл бойы, әсіресе, күз бен қыстағы инфекцияның өршу алдында қорғаушы иммундық механизмді нығайту керек.
Ағзаның вирустарға қарсы тұруы үшін салауатты өмір салтын ұстану; бетперде тағу, қоғамдық орындарға барған соң қолды тазалап жуу, жөтел кезінде ауызды жабу, ғимаратты жиі тазалау мен желдету сынды санитарлық-гигиеналық режимді ұстану қажет. Көкөніс, жеміс-жидек немесе құрамында жеткілікті дәрумендер бар басқа өнімдерді, әсіресе, аскорбин қышқылын пайдалануға; адам көп шоғырланған орындарға бармауға, мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен емес, жаяу жүруге тырысыңыз. Жөтел мен түшкіру кезінде вирус 10 метр қашықтықтан да таралатынын есте сақтаған жөн. Тұмаудың өршу кезінде вирустан қорғанудың маңызды компоненттеріне: дәруменге бай азық-түлікті пайдалану, қажетті мөлшерде су ішу мен тынығу жатады. Салқын тигеннен болатын аурудың алдын алу – мезгілдік тұмау індеті кезінде ғана емес, азаматтар әрқашан өз денсаулығына күтіммен қараған уақытта ғана нәтижелі жүзеге асады. Тиімді тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, ағзаны шынықтыру мен спортпен айналысу – ағзаның салқын тиюге қарсыласу дәрежесін көтереді және басқа көптеген аурулардың пайда болуының алдын алады.
Л.СОАСЕП,
Астана қаласындағы №8 емхананың инфекционист дәрігері,
С.ҚАЛИЕВА,
салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері
astana-akshamy.kz
The post Сақтана жүрген жөн appeared first on .