Америкалық Monohm компаниясы ағаштан айрықша смартфон жасап шығарды.
Сыртқы формасы кәдімгі қалта сағатына келетін бұл гаджет Runcible, яғни, антисмартфон деп аталады. Құрал авторларының айтуына қарағанда, дөңгелек пішінді ағаштың ішіне орналастырылған антисмартфонның негізгі мақсаты адамдарды әлеуметтік желілерге деген тәуелділіктен арылтып, жалпы интернеттен бас тартқызу екен. Алайда, құрылғыда Google Play дүкеніне кіріп, кез келген қолданбалы бағдарламаларды көшіріп алуға еш шектеу қойылмаған. Runcible құрылғысында ешқандай пернелер жоқ, яғни, сенсорлы болып шыққан. MicroUSB арқылы қуат алады. Соған қарамастан, басқару жүйесі өте қарапайым.
Бұл байланыс құралын Monohm компаниясы алғаш рет осыдан бір жарым жыл бұрын халықаралық көрмеде жұрт назарына ұсынған болатын. Содан бері ол жетілдіріліп, өндіріске енді енгізіліп отыр.
Бүгінде Runcible құрылғысына тапсырыстар түсе бастады. АҚШ-та жаңа құрылғыға тапсырыс беру 500 доллар тұрады. Ол қыркүйек айында жеткізіле бастайды.
Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ
The post Ағаштан антисмартфон жасады appeared first on .